logo

Халықаралық MyFreedom IT мектебі

9

AI-Powered Frontend Developer

400 000 ₸
Тапсырыс беру
Бөлінді 15 Квот

AI-Powered Frontend Developer — бұл нөлден бастап заманауи веб-интерфейстерді жасауға арналған алты айлық практикалық курс. Курс жаңадан бастаушыларға арналған: оқу негізгі HTML-тегтерінен басталып, TypeScript қолданылған және деплойы (deploy) бар толыққанды Vue.js қосымшасын жасауға дейін жалғасады. Курстың басты ерекшелігі — бірінші сабақтан бастап жұмыс құралы ретінде Cursor IDE-ні пайдалану. Бұл AI көмегімен кодты жазу, түсіну және рефакторинг жасау арқылы оқу процесін 3-5 есеге жеделдетуге мүмкіндік береді. 54 сабақ ішінде студенттер Figma макеттері бойынша верстка жасауды (беттеуді), JavaScript-те код жазуды (айнымалылардан бастап ООП және асинхрондылыққа дейін), REST API-мен жұмыс істеуді және Vue.js-те қосымшалар құруды үйренеді. Бағдарлама сыртқы сарапшылар алдында қорғалатын командалық дипломдық жобамен және HR-маманмен техникалық сұхбатқа дайындалумен аяқталады.

Ерекше шарттар

«Tech Orda» бағдарламасы бойынша оқыту шарттары Біздің мектеп өзара сенім мен тең мүмкіндіктер қағидаларына негізделген, сондықтан біз депозиттер немесе кепілдік жарналарды талап етпейміз. «Tech Orda» гранты – бұл сіздің сапалы білім алуға деген мүмкіндігіңіз әрі жеке жауапкершілігіңіз. Оқуды бастай отырып, сіз келесі міндеттемелерді қабылдайсыз: Академиялық: курсты мерзімінде аяқтау, сабақтардың кемінде 70%-ына қатысу, үй тапсырмаларының кемінде 70%-ын орындау және қорытынды Құзыреттілікті бағалаудан (тестілеу) сәтті өту. Әкімшілік: мектептің сұрауы бойынша есептілікті ай сайын қол қойып растау. Қаржылық жауапкершілік: Оқуды өз бастамаңызбен, кінәңізбен немесе міндеттемелерді орындамауыңызға байланысты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, мектеп Шартта және оған қосымша келісімде көзделген айыппұлды өндіріп алуға құқылы: Бағдарламаның 30%-ын өткенге дейін: квота құнының 30% мөлшерінде айыппұл. Бағдарламаның 30%-нан астамын өткеннен кейін: айыппұл мөлшері нақты өтілген оқуға пропорционалды түрде есептеледі. Квота құнының 100%-ы: курсты Құзыреттілікті бағалаудан сәтті өтпей аяқтаған, тестілеуге келмеген немесе сіздің кінәңізден Қор нәтижелерді қабылдамаған жағдайларда. Іріктеу критерийлері: Қатысу үшін сауалнаманы толтыру, мотивациялық хат дайындау, логика мен цифрлық сауаттылық бойынша тестілеуден өту, сондай-ақ телефон арқылы сұхбаттасу қажет. Ер адамдар үшін әскери қызметті өткергені, шақырудан толық босатылғаны немесе мерзімі ұзартылғаны (отсрочка) туралы растаудың болуы міндетті.

Курстың егжей-тегжейлері

Деңгей

Бастаушыларға

Оқыту форматы

Желіде

Қабылдау емтихандары

Жоқ

Ұзақтығы, апталарда

27

Оқыту тілі

Орысша

Біліктілік

junior

Дағдылар


Түлектер семантикалық белгілеуді (HTML5, CSS3, Flexbox, Grid CSS), SCSS, БЭМ методологиясын және Bootstrap-пен жұмыс істеуді меңгереді. Студенттер Git/GitHub-пен жұмыс істеуді, заманауи JavaScript-те код жазуды (ES6+, ООП, асинхрондылық, промистер) және REST API-мен (fetch, axios) өзара әрекеттесуді үйренеді. TypeScript-те базалық типтеуді қолдана отырып, Vue.js 3-те (компоненттер, директивалар, Vue Router, Pinia) бағдарлама жасаудың сенімді дағдыларын игереді. Сондай-ақ, студенттер кодты генерациялау және қателерді түзету (отладка) үшін AI-құралдарымен (Cursor IDE, Claude Code) жұмыс істеуді меңгереді, жобаларды деплой жасауды (Vercel, GitHub Pages) және CI/CD қолдана отырып командада жұмыс істеуді үйренеді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсас курстар

Басқа курс Международная IT школа MyFreedom