Журналистер Astana Hub-та жасанды интеллекттің қыр-сырын меңгерді
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Astana Hub алаңында журналистерге арналған практикалық тренинг өтті. Іс-шара медиа салада жасанды интеллект құралдарын қолдануға арналды. Тренингке еліміздің түрлі редакцияларынан 30-ға жуық өкіл қатысты.