Astana Hub резиденті – Finflow стартапы америкалық венчурлық қордан $500 000 қаражат тартты
Finflow стартапы $500 000 көлеміндегі Pre-seed инвестициялық раундын сәтті аяқтағанын хабарлады. Лид-инвестор — Orbit Startups (АҚШ), $1,5 млрд астам активтерді басқарудағы жаһандық акселератор SOSV құрамындағы венчурлық қор. Америкалық қордың портфелінде Perfect Corp, Leapmotor, BitMEX, Clearbot сынды әлемге әйгілі компаниялар бар. Finflow раундын сондай-ақ Axiom Capital, Bask International Group және бірнеше қазақстандық бизнес-періштелер мен жергілікті және халықаралық инвесторлар қолдады.