logo

KazMBS

6

Жасанды интеллект көмегімен дрондарды программалау

400 000 ₸
Тапсырыс беру
Бөлінді 13 Квот

Курс туралы

Толығырақ KazMBS

Қазіргі технологиялық даму кезеңінде дрондар ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік және төтенше жағдайларды мониторингтеу сияқты көптеген салада маңызды құралға айналды. Оларды тиімді басқару, бағдарламалау және жасанды интеллектті қолдану болашақ мамандар үшін өзекті дағды болып табылады. «Жасанды интеллект көмегімен дрондарды программалау» курсы студенттерді Python негіздерімен, дрондарды басқару SDK-ларымен, OpenCV арқылы бейне ағынын өңдеу және нысандарды тану сияқты практикалық дағдылармен таныстырады. Курста нақты жобалар арқылы дронды интеллектуалды басқару жүйесі жасалады. Курс студенттердің техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жобалық тапсырмалар күрделі мәселелерді шешуге бейімделуге және командалық жұмысқа үйретеді. Курс ҚР заңнамалық талаптарына сәйкес құрастырылған. Курстың оқу жұмыс бағдарламасы 144 сағат көлемінде, оның ішінде 54 сағат теориялық, 90 сағат практикалық сағат көлемінде оқытылады және 36 сағат білім алушының өзіндік жұмыстарды қамтиды. Курсты игеру шығармашылық жоба дайындаумен және қорытынды емтихан тапсырумен аяқталады.

Ерекше шарттар

50 000 теңге көлеміндегі кепілдік депозит. Студент оқуды аяқтап, қорытынды сынақтан сәтті өтіп, қорытынды жобаны қорғаған жағдайда, кепілдік жарна студентке толық қайтарылады.

Курстың егжей-тегжейлері

Деңгей

Бастаушыларға

Оқыту форматы

Гибридті

Старт

Тамыз

Қабылдау емтихандары

Жоқ

Ұзақтығы, апталарда

26

Академиялық сағаттардағы ұзақтығы

144

Оқыту тілі

Қазақша

Сабақтарды өткізу күндері

Дүйсенбі-Жексенбі

Оқыту әдістемесі

Практика теориялардан гөрі көп

Біліктілік

Junior Developer of Intelligent Software for Drone Control

Сабақтарды өткізу форматы

Офлайн сабақтар аптасына 2 рет 2 сағат, Онлайн сабақтар аптасына 1 рет 2 сағат

Дағдылар


жалпы ғылыми және техникалық терминдерді, дрон жүйелері мен аспалы жабдықтарды жобалаудың теориялық негіздерін; құрылғыны құрастыруға арналған элементтік базаны; дронның механикалық тораптарының электрондық және оптикалық құрылғылармен өзара әрекет ету принциптерін; дронның жұмыс алгоритмін құру және жазу тәртібін; компьютерлік ортада дронды бағдарламалаудың негізгі ерекшеліктерін; негізгі алгоритмдік құрылымдарды (цикл, шарт, функция, массив, рекурсия); блок-схема құру принциптерін және оларды алгоритмдік модельдеуде қолдануды; Python тіліндегі құрылымдық бағдарламалау негіздерін; құралдармен және электр құрылғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерін және дрондарды пайдалануға қатысты қолданыстағы заңнама негіздерін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсас курстар

Басқа курс KazMBS